Accessibility links

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Неге алғыс айтуымыз керек? Соны түсіндіріңізші бізге???

Оның бар болғаны өз міндетін атқарғаны үшін бе?

Ол не үшін президент болып сайланды?

Халқын жан-жақтан анталап тұрған қауіп-қатерден сақтау үшін, жағдайы нашар халықты есебі жоқ мұнайдың ақшасымен асырау үшін президент болды. Оның орнында кез келген басқа адам да ол істеген нәрсені істей алар еді. Су тегін мұнайды сатып, оның ақшасын халыққа таратып беру қиын болып па? Жақсылық істеді деген күннің өзінде оған лайық айлық жалақысын алып отыр ғой (миллиардтарды айтпай ақ қояйын). Сізге де күнделікті жұмыста істеген жұмысыңыз үшін басшылығыңыз күнде рахмет айта бермейтін шығар.

Ол бар болғаны халықтың жағдайын сәл көтере алды. Мұнайдан түсіп жатқан ақшаның арқасында. Көрші елдерде жағдай неге нашар? Себебі олардың біздегідей көл көсір темірі, көмірі, мұнайы жоқ. Бірақ олар ұлттық мәселелерде бізден әлдеқайда озық. Ол жақта сол жердің байырғы ұлтымен (Қырғызстанда - қырғыздармен, Өзбекстанда - өзбектермен) бәрі есептеседі, біздегідей емес.

Егер де Қазақстанды әлем елдері есептесетін, парақорлық пен әділетсіздік жойылған, Орта Азиядағы алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналдырып, экономикамыз әнебір «ертектегідей» барысқа айналып кетсе - онда әңгіме басқа. Ол кезде исі қазақ жұрты Назарбаевты басына көтеретіне күмәніңіз болмасын!

Қуат, Түркістан

(«Елбасы ертеңгі президенттерді бақылай ала ма?» деген форумға жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Бізде авторитарлық жүйенің өршіп тұрғаны «Фридом Хауссыз» да белгілі. Ең сорақысы - соңғы заңның қабылдануы болды. Бұрын азды-көпті сын айтатын едік. Өзімсінетін едік. «Келінім, саған айтам – қызым, сен тыңда деген бағытта. «Осы сындарымызды бірде болмаса бірде оқыса екен, кейде оңаша жатқанда ойланса екен, жасы ақсақал жасына келген адам, мүмкін түсінер, сөйтіп тәубасына келер» деп үміттенуші едік. Соңғы әлсіз үмітіміздің тас-талқаны шықты, бұл өзін шынымен де құдаймын деп сеніп қалған сияқты. Ендеше өз обалың өзіңе, басыңнан к..ің ассын. Өлмейтін шайтан емес шығарсың, өмір жетсе бұл спектакльдің финалын да көрерміз.

Ызалы, шарасыз қазақ

(«Фридом хауз» Қазақстандағы авторитарлық жүйені сынады» деген мақалаға жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

1. Қазақстанды ОБСЕ-ге төраға қылғаны үшін Нұрекеңе рахмет! Маған Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалығының өте үлкен пайдасы тиді.
2. Қазақстанды жұмақ елге айналдырғаны үшін Нұрекеңе рахмет. О дүниедегі жұмақтың шет жағасын көріп жатырмыз.
3. Менің осы елде тұруыма рұқсат еткені үшін Нұрекеңе рахмет.
4. Ертең жаңбыр жауатын шығар. Оған да алдын ала рахмет.
P.S. Толеранттылық пен төзімділікті ұстанған кей «адамдардың» менің осы комментіме «Бауырлар шыдайық, Назарбаевтың еңбегін бағалап, рахмет айтуымыз керек, айналамыздағы елдерді қарасаңдаршы не боп жатқанын» деп коммент қалдыратынына сенімім кәміл.

Қуат, Түркістан

(«Тоталитарлық толеранттықтан» – төзімділік пен кемсітуді болдырмауға» деген мақалаға орай жазылған пікір)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG