Accessibility links

Қазақстан мен Ресейде Кедендік кодекс күшіне енді


Бүгіннен бастап Қазақстан мен Ресей территориясында Кедендік Одақтың кедендік кодексі өз күшіне енді.

Осыған сәйкес, маусымның 30-ы күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» кодекске қол қойды. Бұл заң Қазақстанда кедендік реттеудің құқықтық негіздерін айқындауға бағытталған.

Астана мен Мәскеудің келісімі бойынша бұл - кедендік Одақ құрудың екінші кезеңі болып табылады. Бұдан бұрын Одаққа Беларусь те кіреді делінген. Дегенмен Минск әлі бұл құжатқа қол қойған жоқ.

Кедендік Одақтың алғашқы кезеңі Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында осы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген.
XS
SM
MD
LG