Accessibility links

"Назарбаев университетінің" құрылыс алаңында жұмысшы биіктен құлап кетті


Астанада жаңадан салынып жатқан «Назарбаев университетінде» құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында бір жұмысшы биіктен құлап, ауруханаға жеткізілді. Бұл турасында Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.

Оқиға маусымның 30-ы күні таңертеңгі сағат 9.20-да орын алған. «НСМ» ЖШС-нің 30 жастағы жұмысшысы үш метр биіктіктен құлаған.

Айта кету керек, осы аптада ашылған «Назарбаев университеті» биыл алғашқы студенттерін қабылдауға дайындалып жатыр.
XS
SM
MD
LG