Accessibility links

Петреус Ауғанстанға барады


Ауғанстандағы АҚШ және НАТО күштерінің жаңа қолбасшысы генерал Дэвид Петреус бүгін Брюссельде НАТО ресми өкілдерінің алдында сөз сөйлеп, Ауғанстанға аттанады. Петреус пен НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Брюссельде баспасөз маслихатын өткізеді.

Сәрсенбі күні АҚШ Сенаты генерал Сэтнли Маккристалдың орнына Петреусты тағайындауды мақұлдады. Петреустың кандидатурасын АҚШ президенті Барак Обама таңдаған болатын.

Обама Маккристалды елдің жоғары лауазымды ресми өкілдерін сынағаны үшін қызметінен босатқан еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG