Accessibility links

Мұнайшылар наразылық білдіріп жұмысқа шықпай қалды


Бүгін «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» компаниясының мұнайшылары жұмысын тоқтатты. Компанияның «ЕмбіМұнайГаз» және «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалдарының жұмысшылары жалаақы төлеудің жаңа тәртібіне осылай наразылық білдіріп отыр.

100 шамалы жұмысшы бүгін жұмысқа шықпай, жалақы төлеудің бұрынғы жүйесін өзгертпеуді талап етуде.

Мұнайшылардың Азаттық радиосы тілшісіне хабарлауынша, олар бұрын жалақыға қосымша төленген 70 пайыздық аудандық коэффициентті сол межеде қалдыруға мүдделі.

Еске сала кетсек, «ЕмбіМұнайГаз» Атырау облысында, «ӨзенМұнайГаз» Маңғыстау облысында орналасқан.
XS
SM
MD
LG