Accessibility links

Күрд сепаратистерімен арадағы қақтығыста 15 адам мерт болды


Түркия бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Түркия армиясы мен күрд сепаратистері арасындағы қақтығыстан 15 адам қаза тапты. "Анатолия" агенттігінің мәліметінше, қаза болғандардың арасында 11 күрд бүлікшісі мен бір сарбаз және үкімет қолдауындағы күрд милициясының үш мүшесі бар.

Шайқастар бейсенбіге қараған түні тыйым салынған Күрдістан жұмысшылары партиясының жауынгерлері Сиирт өлкесіндегі әскери бекетке шабуылдаған кезде басталған.

Соңғы айларда күрд сепаратистері мен түрік күштері арасындағы қақтығыстар күшейіп отыр.
XS
SM
MD
LG