Accessibility links

Түркістан төңірегін су басты


Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында Сырдария суы тасыды. Өңірдегі апаттың алдын алу және жоюды ұйымдастыру басқармасы басшылығының хабарлауынша, "бұл - табиғат апатына жатпайтын оқиға".

Қазір Сырдарияға жақын тұрған Түркістан қаласына қарасты Шәуілдір, Маяқұм, Балтакөл елді-мекендерін су алған. Әбүйір болғанда, адам шығыны жоқ. Әлі де бірнеше аудандарды су алу қаупі бар, дейді мамандар.

Басқарма бастығы Кенжехан Төлебаев Азаттық тілшісіне былай дейді: "Апатты жағдай Шардара су қоймасының арнасынан асуына байланысты орын алған. Қазірде ең басты қауіп су қоймасының жанындағы Өтеғұл ауылына төніп тұр".

Бүгінде тасыған суды Өзбекстанның Арнасай су қоймасына құю туралы келісім жасалыпты. Сала мамандары, қауіпті жағдайдың алдағы 10 күн ішінде сақталатынын айтады.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG