Accessibility links

Обама Иранға қарсы жаңа санкцияны бекітті


АҚШ президенті Барак Обама бейсенбі күні Иранға қарсы жаңа санкциялар жөніндегі заңға қол қойды.

Обама, бұл Вашингтонның Теһранға қарсы енгізген ең қатаң санкциясы екендігін атап өтті. АҚШ-тың пікірінше құжаттағы қаржылай және экономикалық шектеулер Иранның ядролық бағдарламасын жүзеге асыруға кедергі етпек.

Дегенмен, АҚШ президенті Иран ядролық мәселесі төңірегіндегі дауды әлі де дипломатиялық жолмен шешуге болатындығын жеткізді.
XS
SM
MD
LG