Accessibility links

Пәкістан: Жарылыстан 40-қа жуық адам қаза болды


Пәкістанның Лахор қаласында бейсенбі күні болған террористік жарылыстан 40-қа жуық адам қаза болды.

Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, жарылысты ғибадат етушілер көп жиналатын мұсылмандардың киелі жері болып табылатын Дата-Барбарда үш жанкешті ұйымдастырған.

Әзірге жарылыс жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ.

Маусым айында Лахордағы Ахмадие діни сектасының мешітіне жасалған шабуылдан 90 адам мерт болған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG