Accessibility links

Қырғызстанның жаңа конституциясы күшіне енді


Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы 27 маусым күні болып өткен референдумның ақырғы нәтижесін жариялаған соң, бүгін, 2 шілдеден бастап Қырғызстанның жаңа конституциясы күшіне енді.


Қорытындыға сәйкес, дауыс бергендердің 90 пайызы жаңа конституцияны қолдаса, 8 пайызы ғана оған қарсы дауыс берген. Референдумға сайлаушылардың 70 пайыздан астамы қатысқан.


Сайлау комиссиясының төрағасы Ақылбек Сариев хабарлағандай, референдумда дауыс бергендер уақытша үкімет төрайымы Роза Отынбаеваға өтпелі кезеңге президент құзырын беру мәселесін де қолдады. Жаңа президент міндетіне 3 шілде күні ант беріп кіріседі.


Жаңа конституция бойынша референдум Қырғызстанның оңтүстігінде қырғыздар мен өзбектердің арасындағы қанды қақтығыстардан 2 апта уақыт өткенде болды.
XS
SM
MD
LG