Accessibility links

АҚШ-та сот «Ресей тыңшылары» ісін қарауды жалғастырады


АҚШ-та Ресейдің пайдасы үшін тыңшылық етті деген күдікпен ұсталған 10 адамның бірі Хуан Ласаро жалған құжатпен тұрған. Тұтқындалысымен ол бірден Ресейдің агенті екенін мойындаған.


Нью-Йорктегі судья оны кепіл ақшаға босату мәселесін қарауды кейінге қалдырды.


Осы іс бойынша тұтқындалған оның әйелі Викки Пелаэс кеше 250 мың доллар кепілдікке абақтыдан босатылып, пәтер қамауында отыр. Судья оны кәсіпқой барлаушы емес деп тапты.


Ричард және Синтия Мэрфи деген тағы екеуі Нью-Джерсидегі абақтыда қалады. Өзге бесеуін кепіл ақшаға босату мәселесін сот кейінірек қарамақшы.


Тергеу күдіктілердің барлығы да АҚШ-та «өте астыртын әрекет етіп», 1990 жылдан бері саяси шешімдер қабылдайтын ортаға кіруге тырысып бақты деп есептейді.


Осы іс бойынша Кипрде тұтқындалған 11-інші күдікті Кристовер Метсос кепілдікке босатылысымен, ізін суытты. Ол бүкіл топтың жетекшісі болды деген жорамал бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG