Accessibility links

«Орыс тыңшыларының» ісін Түркия өзі тергейді


Түркияның қарсы барлау қызметі Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген іс бойынша ұсталғандардың арасындағы Анна Чэпманның ісін өзі тергемекші.


Біздің тілшіміз хабарлағандай, осы жылдың мамырында Стамбулда өзінің Яна Сладких есімді құрбысымен бірнеше күн бірге болыпты. Осы сапарында түскен фотосуреттерін Чэпман әлеуметтік Facebook женлісіндегі өз парақшасына қойыпты.


Түрік баспасөзінің хабарлауынша, түрік барлау қызметі Анна Чэпман елге нақты тапсырмамен келді деп санап, оның Стамбулда не бітіргенін анықтамақшы.


Барлау қызметіне жақын ақпарат көзінің хабарлауынша, тергеудің барлық мәліметі «орыс тыңшыларының» ісін тергеп жатқан АҚШ-қа берілетін болады.
XS
SM
MD
LG