Accessibility links

Пәкістандағы (Лахор) қастандық құрбандары 42-ге жетті


Пәкістанның шығысындағы Лахор қаласында болған 2 жарылыстың құрбандары тың дерек бойынша 42-ге дейін өсті, кемінде 180 адам жараланды.


Әзірше бұл қастандықты ешкім өз мойнына алмай отыр.


Өткен бейсенбіде жүздеген діндәр жиналып тұрған жерде жанпидашыл 2 экстремист бірінен соң бірін қопарғыштарын іске қосты.

Бұл Лахор қаласында 1 айдың ішінде исламның сүнни емес ағымын ұстанатындарға қарсы екінші қастандық болды.


1 ай бұрын ахмадийлердің 2 мешітіне жанпидашыл қаскүнемдер жасаған шабуылдан 80-ге жуық кісі көз жұмды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG