Accessibility links

Қазақ журналисі елбасы туралы заң конституцияға қайшы деп санайды


Алматы қаласының Жетісу аудандық соты оппозициялық «Голос Республики» газетінің тілшісі Жанна Байтелованың президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қоюдан бас тартуына байланысты оған елбасы мәртебесін беретін заңды жарамсыз деп мойындауды талап еткен шағымын қабылдады.


Журналист Байтелова соттан жауап берушілер ретінде заңға өз қолдарын қойып, күшіне енгізген парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты, мәжіліс спикері Орал Мұхамеджановты және премьер-министр Кәрім Мәсімовті шақырып жауап алуды өтінеді.


Жанна Байтелова елбасы туралы заңның заңдық күші жоқ деп есептейді. Өйткені, конституцияда ойып жазылғандай, кез-келген заң президент қол қойған соң ғана заңдық күшіне енеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG