Accessibility links

Мұнайшылар аштық жариялап, жұмыстарын тоқтатты


"ҚазМұнайГаз" барлау - өндіру" компаниясының жұмысшылары аштық жариялап, жұмыстарын тоқтатты.

Бұдан алдын Атырау облысының Мақат ауданында басталған мұнайшылар наразылығы «ЕмбіМұнайГаз» өндірістік филиалының басқа «ЖайықМұнайГаз» және «ЖылыойМұнайГаз» өндіру басқармаларынан да қолдау тапты.

Жұмысшылар жалақы жүйесінің тарифтік жүйесін қалдыруды, аймақтық және салалық коэффициентті төлеуді және филиал басшылығының орынан кетуін талап етіп отыр.

Азаттық тілшісімен байланысқан мұнайшылар бүгін «ЖайықМұнайГаз» өндіру басқармасының жүзге тарта жұмысшылары жұмысқа шықпағандарын айтты. Қазір бес көлікке мінген 10 жігіт Аққыстау ауылындағы «ЖайықМұнайГаз» басқармасы кеңсесінің қасында аштық жариялағандарын хабарлап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG