Accessibility links

Ресейлік екі тыңшы өздерінің шын аттарын айтты


Құрама Штаттарда ұсталған 10 ресейлік тыңшының екеуі өздерінің Ресей азаматтары екенін мойындады. Ерлі-зайыпты Майкл Зоттоли және Патриция Миллс өздерінің шын аттары Михаил Кутзик пен Наталья Переверзева екендіктерін айтқан.

Екі баласы бар олар тағы бір күдікті Михаил Семекомен бірге жұма күні Вирджиния сотында болды.

Қамауға алынған 10 адам шетелдік үкіметтерге қарсы заңсыз тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталған. Олар айыпты деп табылса, әрқайсысына бес жылдан түрме жазасы берілуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG