Accessibility links

Пәкістанның Лахор қаласында наразылық шарасы өтіп жатыр


Пәкістан шығысындағы Лахор қаласында дүкендер мен кеңселер жабылып, халық бейсенбі күні 43 адамның өмірін қиған жанкештілік шабуылға наразылықтарын танытты.

Бұл шараларды ұйымдастырушы сүннит мұсылмандарының жетекшісі Рағиб Наими үлкен шерулер сенбі күні кешке жоспарланғанын, онда үкіметті террорлық әрекеттерді тоқтату үшін нақты шаралар қабылдауға шақыратындықтарын айтты.

Жұма күні де Пәкістан көшелеріне халық шығып, Лахордағы шабуылдар үшін талибан экстремистерін айыптаған.

Бейсенбі күні болған шабуылдар суфистердің қасиетті орнына жиналған ғибадатшыларды нысанаға алған.
XS
SM
MD
LG