Accessibility links

Конгода жанармай таситын көлік жарылып, кемінде 190 адам қаза болды


Хабарларға қарағанда, сенбі күні Конго демократиялық республикасының шығысында жанармай таситын көлік жарылып, ауылдық жерге жайылған өрт кемінде 190 адамның өмірін әкетті.

Санге едімекеніндегі сабаннан тұрғызылған ондаған үй өртке оранған. Полиция апат көлік жүргізушісінің өте қатты жылдамдықпен жүруінен болған деп отыр. Атын атамаған полиция офицерінің айтуынша, аударылған көлік жарылмай тұрғанда оның жанында балалар жиналып тұрған.
XS
SM
MD
LG