Accessibility links

Роберт Гейтс сұқбат беру тәртібін күшейтті


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс әскери басшыларға қандай да бір сұқбат бермес бұрын, Пентагонның қоғаммен байланыс қызметіне айтуды тапсырды. Роберт Гейтс мәліметтердің шығып кетуінен шаршады делінген Пентагон таратқан мәлімдемеде.

Мұндай нұсқау Ауғанстандағы күштердің қолбасшысы болған генерал Стэнли Маккристал бір сұқбатында Обама әкімшілігі туралы кері пікір білдірген соң жасалып отыр. Бірақ Пентагон ақпараттарды қатаң бақылауда ұстау осыған дейін де болғанын айтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG