Accessibility links

Әлиев АҚШ-тың Таулы Қарабах жанжалын шешуге араласуына мүдделі


Жексенбі күні Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев Бакуге барған АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен кездесуінде, Вашингтон Баку мен Ереван арасындағы Таулы Қарабах жанжалын реттеуге көмектессе деген ниетін білдірді.

Әлиев Клинтонға Әзірбайжан Құрама Штаттармен бірге жұмыс жасап, халықаралық заңдар негізінде даулы аймақтың мәселесін шешуге атсалысады деп күтетінін айтты. Оған Клинтон ханым сіз айтып отырған мәселе бізге де маңызды деген. Одан кейін тараптар жабық есік жағдайында сөйлесуге кеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG