Accessibility links

Қырғызстанның жаңа президенті шетелге сапарын Қазақстаннан бастады


Сенбі күні президент ретінде ант қабылдаған Қырғызстанның жаңа басшысы Роза Отунбаева жексенбі күні шетелге бірінші ресми сапарын Астанадан бастады.

Қырғызстан ресмилерінің хабарлауынша, Отунбаева Қазақстандағы Еуроазиялық Экономикалық қауымдастық елдерінің отырысына қатысады. Астанада сонымен қатар Отунбаева саммитке қатысушылармен келіссөздер өткізеді.

27 маусымда Қырғызстанда өткен референдумнан кейін Роза Отунбаева 2011 жылға дейін өтпелі кезеңнің президенті болып сайланған.
XS
SM
MD
LG