Accessibility links

Байден АҚШ-тың тәуелсіздік күнін Ирақтағы әскермен бірге атап өтті


Жексенбі күні АҚШ вице-президенті Джо Байден Ирақтағы АҚШ күштерімен бірге Американың тәуелсіздік мерекесін атап өтті. Ол өзінің әйелі Джилмен бірге Бағдад маңындағы әскери базаға барып, әскерлердің ел үшін бастарын өлімге тігіп отырғанын мадақтаған.

АҚШ вице президенті Джо Байден сондай-ақ Бағдадта Ирақ жетекшілерімен кездесіп, елде жаңа үкімет жасақтау процесін жылдамдатуға күш салмақшы. Байден алдымен Ирақтың премьер-министрі Нури әл-Мәликимен, кейін оның қарсыласы экс-премьер Аяд Аллавимен кездеседі.

Ирақ саясаткерлері парламенттік сайлау өткен наурыздың 7-нен бері үкіметті құруға кімнің құқы бар деген мәселені шеше алмай келеді. Әл-Мәлики мен Аллави әрқайсысы парламентте басымдық алуға тырысып келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG