Accessibility links

Клинтон Кавказға сапарын Арменияда жалғастырды


АҚШ мемлекетік хатшысы Хиллари Клинтон жексенбі күні Кавказ аймағына сапарын жалғастырып, Армения астанасына барды.
Әуежайда оны Армения сыртқы істер министрі қарсы алып, енді президент Серж Саргсянмен келіссөздер өткізеді.

Хиллари Клинтон Арменияға Әзірбайжан елінен кейін барып отыр. Бакуде ол Таулы Қарабах мәселесін реттеуге Құрама Штаттар көмектесуге дайын деп мәлімдеген. Ол Әзірбайжан президенті Илхам Әлиевпен кездесті.

Бакуде азаматтық қоғам өкілдері мен жиналған жастар тобы алдында сөз алған Хиллари Клинтон:

"Мұнда айтарлықтай прогрестер жасалып жатқанын, жасалуы керек істер жайлы менен гөрі сіздер жақсырақ білесіздер. Онда әлі де біраз мәселелер бар. Мәселен, президент Обама екеуміз түрмеге жабылған екі блоггер туралы көптеген хаттар алдық"-, деді Клинтон ханым.

АҚШ мемлекеттік хатшысының меңзеп тұрғаны - Әзірбайжанда өткен жылы мейрамханадағы төбелестен кейін бұзақылық жасады деп айыпталып, екі жылға түрмеге жабылған Емин Милли мен Аднан Хажизада деген блогшылар.
Құқық қорғаушы топтар екі блоггер үкіметтің саясатын күлкі қылып, ол туралы видеоны интернетке шығарғаны үшін жазаланып отыр дейді.
XS
SM
MD
LG