Accessibility links

Хиллари Клинтон: АҚШ грузин аумағындағы басқыншылыққа қарсы


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Грузия аумағындағы өзін-өзі тәуелсіз деп жариялаған Абхазия және Оңтүстік Осетия республикаларын Ресейдің басып алуымен ешқашан келіспейді деп мәлімдеді. Дүйсенбі күні Клинтон Тбилисиге барды.

Азаматтық қоғам белсенділерімен кездескен мемлекеттік хатшы Грузия демократиясының жетістіктерін атап көрсетті.
Клинтон бүгін кешке Грузия президенті Михаил Саакашвилимен кездеседі.

АҚШ мемлекет хатшысының Шығыс Еуропа және Кавказ елдеріндегі бес күндік туры Тбилисиде аяқталады. Бұған дейін ол Украина, Польша, Әзірбайжан және Арменияда болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG