Accessibility links

Косовода серб саясаткері жараланды


Косовода қарулы шабуылдардың нәтижесінде серб саясаткері Петар Милетич жараланды. Қастандық әрекет саясаткердің Митровица қаласындағы үйінде жасалған. Милетичке оқ атқан кісінің кім екендігі анықталмады.

Милетич - Косово парламентіндегі он серб депутатының бірі.

Соңғы күндері Косоводағы серб аудандарындағы жағдай тағы шиеленісіп кетті. Жұма күні Митровицадағы серб митингісінде тіркелген жарылыстан бір адам қаза тапты, бірнеше кісі жараланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG