Accessibility links

Руслан Ямадаев ісі бойынша күдіктілер айыппен келіспейді


Ресей Думасының бұрынғы депутаты Руслан Ямадаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктілер айыппен келіспейтіндіктерін мәлімдеді.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Мәскеу қалалық сотында айыпталушы Асланбек Дадаев өзіне жалған айыптар тағылып отыр деп мәлімдеді. Бұған қоса, тағы екі айыпталушы - Тимур Исаев және Элимпаша Хацуев бұл қылмысқа қатысымыз жоқ деп мәлімдеді.

Ямадаев 2008 жылы қыркүйекте Мәскеу қаласында оққа ұшқан еді.
XS
SM
MD
LG