Accessibility links

Президент Назарбаев 70 жасқа толды


Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 70 жасқа толды. Соған орай республика бойынша мерекелік шаралар өтеді. Президент Назарбаев – 1991 жылы Совет Одағы ыдырағаннан бері билікте отырған екі президенттің бірі. Екіншісі - Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов.

Назарбаев жақтаушылары, оның Қазақстан үшін жасағаны мол екендігін айтса, оппозиция өкілдері Назарбаев билігінің кемшін тұстарын сынайды.

Бүгін сондай-ақ Қазақстан астанасы – Астана қаласының күні.

Осыған орай өткен мерекелік шарада "Астананың елбасының перзентіндей болған жас қала" екендігін сөз еткен қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов, ",Астананың туған күні – Елбасының кемелі, ал Елбасының туған күні – Астананың, еліміздің мерейі", - деп атап өтті.

Бұған дейін "Астана күні" жыл сайын маусымның 10-ы күні болып келген еді. Тоғыз жылдан кейін 2008 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні қарсаңында Қазақстан парламенті бір айдың ішінде «Мерекелер туралы» заңға өзгерістер енгізіп, Астана күнін шілденің 6-сына ауыстырды.
XS
SM
MD
LG