Accessibility links

Франция парламенті нихаб мәселесін талқылайды


Франция парламенті бүгін мұсылман әйелінің бетін тұмшалайтын дәстүрлі киімі бұрқа мен нихабты қоғамдық орындарда киюге тыйым салуды қарастыратын заң жобасын талқылауға кіріседі.

Жобаны жақтаушылар киімнің бұл түрі француз мемлекетінің зайырлы сипатына және гендерлік теңдіктің қағидаларына қайшы деп есептейді. Бұған қоса олар қауіпсіз мәселесін де алға тартып отыр. Заң жобасына қарсылар мұндай тыйымды жеке бастың еркіндігін шектеу деп атады.

Франция парламентінің төменгі палатасында дауыс беру шілденің 13-іне белгіленді. Заң жобасы мақұлданған жағдайда құжатты жоғарғы палата – Сенат қыркүйек айында талқылайды.
XS
SM
MD
LG