Accessibility links

Рамазан Есіргепов түрмеде аштық жариялады


Бүгін, Тараз қаласында түрмеде жазасын өтеп жатқан тәуелсіз журналист, «Алма-Ата ИНФО» басылымынң бас редакторы Рамазан Есіргепов аштық акциясын бастады. Бұл туралы Азатnыққа журналисттің әйелі Раушан Есіргепова хабарлады.

"Рамазан өткен аптада ЕҚЫҰ-5f мүше мемлекеттер басшыларына ашық хат жазған болатын. Онда ол өзіне қатысты қозғалған қылмыстық істің әділ жүргізілуін талап етіп, ұйымға мүше мемлекеттер жетекшілерін ұйым төрағасы – Қазақстан билігіне ықпал етуді сұраған еді. Осы күнге дейін еш хабар болмаған соң, бүгін таңертең Рамазан түрмеде өз наразылығын аштық жариялау арқылы білдіруде", - дейді Раушан Есіргепова.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасы бастығының орынбасары, әділет полковнигі Әміролла Оралбаев, бұл ақпаратты растамай отыр.

"Түрме бастығымен қазір ғана сөйлестім. Есіргеповтың халі жақсы, ешқандай аштық жариялаған жоқ", - деді Әміролла Оралбаев.
XS
SM
MD
LG