Accessibility links

Ош қаласында комендант сағаты сақталады


Қырғызстаның Ош қаласында төтенше жағдай мен комендант сағаты әзірге тоқтатылмайды.

Ош облысының коментанды Бақыт Алымбековтың айтуынша, аймақтағы жағдай әлі қалыпты арнаға түскен жоқ. Қазіргі таңда қырғыздар мен өзбектер арасындағы қақтығыстарға қатысты тергеу жүріп жатыр. Ресми ақпарат бойынша, 500-ден астам қылмыстық іс қозғалды.

Қырғызстанның оңтүстік облыстарында маусым айындағы ұлтаралық қақтығыстардан 300-ге жуық адам қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG