Accessibility links

Обама мен Нетаньяху Таяу Шығыстағы бейбіт келісімдерді талқылайды


АҚШ президенті Барак Обама бүгін Вашингтонда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездеседі. Екі жақты кездесу барысында Израиль-Палестина келіссөздерін қайта жалғастыру мәселесі талқыланады деп хабарланды.

Палестина 2008 жылдың соңында израилдік әскердің Газа секторындағы шабуылынан кейін екі жақты бейбіт келіссөздерден шықты. Вашингтонға сапары қарсаңында Нетаньяху Газа секторы бағытындағы жүк тасымалына қойылған тыйымды азайтқандығын жариялады.

Израиль әскерінің Газа секторында түрік гуманитарлық кемесіне мамыр айында жасаған рейді барысында тоғыз түрік қаза тапты. Осы оқиғадан соң АҚШ-тың екі маңызды одақтасы – Түркия мен Израиль арасындағы қарым-қатынас нашарлап кетті.

Обама мен Нетаньяху кездесуінде Иранның ядролық бағдарламасы туралы да сөз болады деп хабарланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG