Accessibility links

Иран ядролық бағдарлама келіссөздеріне дайын


Иран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты әлемнің алты державасымен келіссөздерін қыркүйектен бастап жалғастыруға дайын екендігін мәлімдеді.

Иран үкіметінің өкілі Саид Жалали бүгін Еуропалық Кеңестің халықаралық істер жөніндегі хатшысы Кэтрин Эштонға хат жолдады. Жалали келісөздердің қайта жалғасуы үшін алты держава бірқатар шарттарды орындауы керек деп атап көрсетті. Теһран державалардан «Израиль ядролық бағдарламасына қатысты ұстанымдарымен бөлісуін» талап етіп отыр.

Иранмен келіссөздер жүргізуші мемлекеттер тобына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты бес мүшесі және Германия кіреді. Олардың барлығы Иранға қарсы жаңа санкцияларды қолдады.
XS
SM
MD
LG