Accessibility links

Нетаньяху бүгін БҰҰ-ның бас хатшысымен кездеседі


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бүгін БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездеседі. Ұйымның Нью-Йорктегі кеңсесінде өтетін бұл кездесу Израиль басшысының АҚШ-қа сапары аясында жоспарланып отыр.

Шілденің 6-сы күні Нетаньяху АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті. Екі мемлекет басшылары Израиль-Палестина жанжалын реттеу жолдарын талқылады. Обама Тель-Авивтің бейбіт келіссөздерді жалғастыру ниетіне сенетіндігін мәлімдеді. Бұған қоса АҚШ президенті келіссөздерді үш айдың көлемінде бастауды ұсынды.
XS
SM
MD
LG