Accessibility links

Панаманың бұрынғы диктаторы Францияда жеті жылға сотталды


Франция соты Панаманың бұрынғы диктаторы Мануэль Норьеганы заңсыз қаржы операциялары үшін жеті жылға түрмеге кесті. Бұған қоса сот Норьеганың Франциядағы банк есебінен 2 миллион 300 мың евро тәркілеу туралы үкім шығарды.

Норьега биыл сәуірде АҚШ-тан Францияға экстрадицияланды. Бұрынғы диктатор есірткі саудасына қатысы бар деген айып бойынша тағылған жазаны Құрама Штаттарда 1992 жылдан бері өтеп келген еді.
XS
SM
MD
LG