Accessibility links

Ресей бас прокуратурасы лагерлерді тексермек


Ресейдің бас прокуроры Юрий Чайка, елдегі балаларды сауықтыру лагерлерінің барлығының қауіпсіздігін тексеруге тапсырма берді.

Тексеріс барысында балалар демалысын ұйымдастырудағы заңдылықтың сақталуы да ескеріледі. Чайканың сөзінше, демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі ерекше назарға алынуы керек.

Мұндай шаралар, кеше "Азов" сауықтыру лагеріндегі қайғылы оқиғадан кейін қолға алынып отыр. Ейскіге экскурсияға шыққан 10 - 16 жас аралығындағы бес бала мен олардың тәрбиешісі теңізге батып кетті.

Бүгін таңертең Краснодарға қаза болған балалардың туған-туыстары Мәскеуден арнайы ұшақпен жеткізіледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG