Accessibility links

Исламшыларға аяушылық білдірген CNN редакторы жұмыстан босатылды


Америкалық CNN телекомпаниясы, "Хезболла" жетекшісінің өліміне қатысты аяушылық білдірген Таяу Шығыстағы редакторын жұмыстан босатты.

Таяу Шығыстағы мәселелерді таратуға жауапты Октавия Наср, Twitter әлеуметтік желісінде "Хезболла" шейіттік қозғалысының жетекшісі Мухаммед Хусейн Фадлалланың өліміне қатысты өз өкінішін білдірген. Ол, аятолланы "Хезболл" серкелерінің бірі ретінде құрметтейтіндігін жазған.

Орталығы Ливанда орналасқан бұл қозғалысты АҚШ террористік ұйымдардың қатарына жатқызады.

Октавия Наср кейінірек өз жазғаны үшін кешірім сұраған еді, дегенмен CNN басшылығы оны қабылдамады.
XS
SM
MD
LG