Accessibility links

Италияда сотталғандарға арналған еңбек биржасы құрылды


Италия үкіметінің бірінші вице-премьері Джанни Летта, бас бостандығынан айырылған, сотталған адамдар үшін арнайы еңбекпен қамту орталығының құрылғандығын мәлімдеді. Бұл мақсатта елдің Әділет министрлігі 4 миллион 800 мың еуро бөліп отыр. Жоба Сицилияда сыналып, енді оған Кампания, Лацио, Ломбардия және Венето аймақтарын қамту көзделіп отыр.

Аталған аймақтардағы түрмелерден бостандыққа шығуына үш жылдан аз қалған 6 мың сотталушы іріктеліп алынады. Олар кәсіби дайындық курстарына жіберіліп, кейін өндіріске жұмыс істеуге жіберіледі.

Іріктеуде діні не болмаса басқа да көзқарасы бойынша шектеулер болмайды. Ал жұмыс түзету мекемесінен тыс жерде атқарылады. Бір мыңнан аса сотталушы әлеуметтік салада, 150 адам өндірістік кәсіпорындарда, ал 550 адам кеңседе қызмет ететін болады.

XS
SM
MD
LG