Accessibility links

Қазақстан қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшысы жұмыстан кетті


Әділет министрі Рәшид Түсіпбековтың бұйрығымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Мейрам Аюбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды комитет баспасөз қызметі.

Баспасөза қызметінің атап өтуінше, маусымның 22-cі күні Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы қатаң режимдегі колониядан сотталушылардың жаппай қашып шығуы қоғамды дүрліктірген оқиға болды. Бұл төтенше жағдайдан кейін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің барлық басшылығы өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш жазған. Қазіргі таңда әділет министрі тек жекелеген лауазым иелерінің өтінішін қанағаттандырды. Комитет төрағасынан өзге, екі орынбасары да қызметтерінен кетті. Дегенмен олар Әділет министрлігінің резервінде қалды.

Қазір Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының қызметін уақытша атқару орынбасарлардың бірі 54 жастағы әділет полковнигі Марат Шабақбаевқа жүктелген.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG