Accessibility links

Күн сәулесінен қуат алатын Solar Impulse ұшағы сынақтан сәтті өтті


Күн сәулесінен қуат алатын Solar Impulse ұшағы бір тәулікті әуеде өткізіп, бүгін Швейцарияның батысына келіп қонды. Ұшақ сапары 26 сағатқа созылды.

Сәрсенбі күні ұшырылған Solar Impulse әуеде жеткілікті мөлшерде күн қуатын жинап, оны түнгі уақытта қорек етті. Сынақтағы ұшаққа жалпы ұзындығы 80 метрлік күн батареялары орнатылған.

Сынақты ұшқыш Андре Борчберг өткізді. Швейцариялық жоба авторлары Solar Impulse ұшағын 2013 жылға қарай Жер шарын бір айналып өтуге жарамды дәрежеге жеткізуді көздеп отыр.
XS
SM
MD
LG