Accessibility links

Аудандық сот «Елбасы туралы» заңға қарсы шағымды қабылдамады


Алматыдағы Жетісу аудандық соты тәуелсіз журналист Жанна Байтелованың «Елбасы туралы» заңға қарсы түсірген арыз-шағымын қараудан бас тартты.

Арызданушы соттан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «елбасы» мәртебесін берген құжатты заңсыз деп тануын, осындай заң қабылдаған парламент палаталарының төрағаларын, премьер-министрді жауапқа тартуын сұраған еді.

ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында Байтелова Алматы қалалық сотқа шағым түсіретіндігін мәлімдеді.

Президент үстелінде бір ай жатқан «Елбасы туралы» заң жобасы маусымның 15-і күні ресми ақпаратта жарияланған күннен бастап күшіне енді. Нұрсұлтан Назарбаев құжатқа қол қоймады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG