Accessibility links

Ахмадинежад АҚШ-қа өз талаптарын ұсынды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад, егер бірқатар талаптар орындалса - Теһран АҚШ және Батыс елдерімен ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздерін қайта бастауға дайын екендігін мәлімдеді.

Иран президенті, алдымен Вашингтонның Израильдің ядролық қаруды иемденуіне қатысты ұстанымын білгісі келетіндігіні мәлімдеді. Ресми түрде Израиль ешқашан ядролық қаруының бар екендігін жариялаған емес, дегенмен көптеген сарапшылар бұл елдің ядролық держава екендігіне сенімді.

Иранға қарсы жуырда қабылданған халықаралық санкцияға тоқталған Иран президенті, оның Иранның ядролық бағдарламасының дамуына еш тосқауыл бола алмайтындығын атап өтті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG