Accessibility links

Виктор Янукович 60 жасқа толды


Бүгін Украина президенті Виктор Янукович 60 жасқа толып отыр. Президент әкімшілігінің хабарлауынша, оның бүгінгі күні әдеттегідей жұмыс орнында басталған. ЕуроОдақ атынан Януковичті, осы күні Киевке жұмыс сапарымен келген ЕуроОдақ президенті Херман Ван Ромпей құттықтайды.

Кешке президент туған күнін отбасы аясында атап өтіп, кейін сенбі күні ТМД елдері жетекшілерінің саммиті өтетін Қырымға ұшып кетеді.

Паравоз машинисті мен медбикенің ұлы Виктор Янукович жұмысшы поселкісінде дүниеге келген. 30 жасында жоғарғы оқу орнын тәмәмдап, 47 жасында Донецк облысында губернатор болды. 2002 жылы Украина премьер-министрі, ал осы жылдың ақпанында президент болып сайланды.
XS
SM
MD
LG