Accessibility links

Халықаралық ұйым қазақ журналисінің халіне алаңдайды


Журналистерді қорғайтын халықаралық комитет белгілі қазақ журналисі Рамазан Есіргеповтің денсаулығына алаңдайды.


Түрмеде жазасын өтіп отырған «Алма-Ата-Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов 25 маусымда өзінің түрмеге кесілуіне қарсы 6 шілдеден бастап аштық жариялайтынын хабарлады.


Оған қоса Есіргепов Қазақстанда адамң құқығын бұзудың жалғасуына қарамастан, оған төрағалық етуге мүмкіндік берген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын өзінің абыройына кір келтірді деп есептейді.


Есіргеповтің аштық жариялайтынын түрме әкімшілігіне хабарлауына қарамастан, колония басшылығы оны мойындамайды.


Журналистің зайыбы Раушан Есіргепова журналистерді қорғайтын халықаралық комитетке Рамазанның түрлі дертпен сырқаттануына қарамастан, түрмеде оған дәрігерлік көмек көрсетілмейтінін хабарлады.


Халықаралық комитет Есіркеповтің халіне алаңдайтынын білдіріп, түрме әкімшілігін оны дәрігерлік бақылауға алуға шақырды. Оның Еуропа мен Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Нина Огнянова хабарлағандай, комитет Қазақстан билігінің журналисті түрмеден мүмкіндігінше тез босатуына мүдделілік танытты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG