Accessibility links

Қазақ президенті украин әріптесінің мерейтойына бармақшы


Қазақстан президентінің әкімшілігіне сілтеме жасап ҚазТАГ агенттігі хабарлағандай, президент Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Виктор Януковичтің 60-қа толған мерейтойына қатысу үшін Қырымға баруды жоспарлап отыр.

Оған қоса мерейтоға Ресей президенті Дмитрий Медведев те баратын сияқты.

Виктор Янукович 9 шілде күні 60-қа толды. Мерейтойды шетелдік қонақтармен бірге тойлау сенбі, 10 шілдеге белгіленіпті.

6 шілде күні Ресей мен Украина президенттері Дмитрий Медведев пен Виктор Янукович Астанада қазақ әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевтың 70-ке толған мерейтойын атап өткен болатын.
XS
SM
MD
LG