Accessibility links

Иран Батыс елдерімен келіссөзді бастауға әзір


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад, егер бірқатар шарт орындалатын болса, онда елдің ядролық бағдарламасы бойынша АҚШ-пен және Батыс елдерімен келіссөзді бастауға дайын екенін мәлімдеді.

Шарттардың ең негізгісі ретінде Иран лидері Израильдің ядролық қаруына байланысты Вашингтонның көзқарасын анықтауды атап көрсетті.

Израиль ядролық қаруы бар екенін ешқашан ресми түрде жариялаған емес, бірақ сарапшылардың көпшілігі Израильдің ядролық мемлекет екеніне күмән келтірмейді.

Таяуда Иранға қарсы қабылданған халықаралық санкцияларға орай Ахмадинеджад бұл әрекет елдің ядролық бағдарламасын дамытуға бөгет бола алмайды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG