Accessibility links

Иранда күйеуінің көзіне шөп салды деп танылған әйел таспен атылмайды


Иран билігі мәлімдегендей, ерінің көзіне шөп салды деп танылған 43 жастағы әйел таспен ұрып өлтірілмейді.

Ол туралы Иран елшілігіне сілтеме жасап британ баспасөзі хабарлады. Сонымен бірге сол әйелді өлім жазасына кескен үкімнің күшін жойылған-жойылмағаны айтылмады.

Оның алдында АҚШ пен Ұлыбритания ресми Теһранды әйелдің ісін қайта қарауға шақырған болатын. Олар азаматтық және саяси құқықтар туралы конвенцияға сәйкес, Иранның өлім жазасының мұндай түрінен бас тартуға тиіс екенін есіне салды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG