Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстан қаза болғандар саны 102-ге жетті


Пәкістанның тайпалы аймағында болған шабуылдардан құрбан болғандар саны екі еселеніп 102-ге жетіп отыр. Жұма күні Мохманд провинциясының Яка Ғунд ауылында орын алған екі бірдей жарылыстан қаза тапқандар 50 шақты болды деп айтылған еді.

Мохманд провинциясы Пәкістанның әл-Қаида мен талибан бүлікшілері тығылған тайпалы аймағы. Пәкістан күштері соңғы жылдары бұл өңірде әскери операцияларын жүргізгенімен, аймақты бүлікшілерден тазалай алмаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG