Accessibility links

Ауғанстанда НАТО-ның көлік керуеніне қарсы жарылыс болды


Ауғанстанның шығысындағы Хост провинциясында НАТО-ның көлік керуеніне қарсы жарылыс жасалған. Адам шығыны туралы хабар келіп түспеді.

Жергілікті үкімет өкілі Мубарез Задранның айтуынша, бір жанкешті көлігімен Мандо Заи ауданында бара жатқан НАТО-ның көліктеріне соғылған. Бірақ НАТО өкілі өздерінің көлік керуені жол бойына қойылған бомбаға түскен деп айтты.

Бұл елдегі талибан күштеріне қарсы 9 жылдық соғысқа жаңа екпін беру мақсатында Ауғанстанға жаңа келген 30 мың американдық жасаққа қарсы аймақта бүлікшілер шабуылы көбейіп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG