Accessibility links

Еуро Одақ байланыстарды жақсарту үшін Минскіге реформалар қажет деді


Еуропа Одағының жоғары ресмилері Беларусь Еуро Одақпен байланыстарын дамытқысы келсе, реформалар жасауға келісуі керек деді.

Одақтың кеңею және еуропалық көршілерге қатысты саясат жөніндегі комиссионері Стефан Фюль бұл туралы Минскіде президент Александр Лукашенкомен кездесу кезінде айтты. Оның айтуынша, Еуропа Одағы Беларусь өлімі жазасы үкімін алып тастап, репрессияларды тоқтатып әрі алдағы жылы президенттік сайлауды демократиялық түрде өткізеді деп күтеді.

Лукашенко Еуро Одақ өкіліне Беларусь сіздердің, Ресей немесе АҚШ-тың алдында тізесін бүкпейді деп айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG