Accessibility links

Фидель Кастро төрт жылда алғаш рет көпшілікке көрінді


Кубаның бұрынғы басшысы Фидель Кастро соңғы төрт жылда алғаш рет көпшілік алдына шықты.

Хабарларға қарағанда, 83 жасар саясаткер Гаванадағы ғылыми-зерттеу орталығына барды. Оның суретін интернетте жариялаған екі кубалық журналистің хабарлауынша, Кастроның «ақыл-есі дұрыс және жағдайы жақсы».

Кубалық революция көсемі 2006 жылы операция жасатқаннан кейін екі жылдан соң билікті өзінің інісі Раулге тапсырды.
XS
SM
MD
LG